“VB Team Academy: Қазақстан волейболындағы жаңа деңгей”

“VB Team Academy: Қазақстан волейболындағы жаңа деңгей”
23:15, 06 Апр.

Қазақстанның спорт әлемінде небәрі бір жылға жетпейтін уақыт ішінде нағыз сенсация жасаған жоба пайда болды. 2025 жылдың мамыр айында іргетасы қаланған VB Team Academy бүгінде жасөспірім қыздар арасындағы ең сұранысқа ие, заманауи әрі кәсіби волейбол клубына айналды.

Биік белестер мен Орта Азиядағы жеңіс Академия ашылғаннан кейін екі ай өткенде-ақ өз деңгейін дәлелдеді: Орта Азия аренасы: 2025 жылдың шілдесінде Қырғызстанда 2008-2009 жылғы қыздар арасында өткен халықаралық жарыста Қазақстан намысын қорғап, 1-орынды иеленді.

Тұрақты жетістік: Клуб ойыншылары Алматы қаласының чемпионатында және түрлі турнирлерде үнемі жүлделі орындардан көрініп, өздерінің мықты дайындығын көрсетіп келеді. Негізін қалаушылар және кәсіби бапкерлер Бұл жетістіктердің артында волейболды жан-тәнімен сүйетін кәсіби мамандар — Ұлықбек Мади мен Мұқаш Нұрсұлтан тұр.

Олардың басты мақсаты — жасөспірім қыздар үшін барлық жағдайды жасап, волейболды тек ойын емес, үлкен мәдениет ретінде қалыптастыру.

Спонсорлық қолдау Академияның бастау бұлағы — волейбол тауарларына арналған танымал Vb_duken дүкенінен басталған. Бүгінде бұл дүкен академияның басты демеушісі болып табылады. Сонымен қатар, жобаның сапалы дамуына келесі серіктестер зор қолдау көрсетуде: Talim жекеменшік мектебі; Irinka газдалған сусындар компаниясы.

Жұлдызды амбассадорлар және Әлеуметтік ықпал Клубтың және Vb_duken дүкенінің басты амбассадорлары әрі үздік ойыншыларының бірі — Сатынбекова Береке мен Утарбаева Мадина.

Олардың әлеуметтік желілердегі танымалдылығы мен волейболға деген адалдығы мыңдаған жасты спортқа баурап, волейболды нағыз трендке айналдырды. VB Team — бұл тек спорттық мектеп емес, бұл қажырлы еңбек пен сапалы менеджменттің жемісі. Қазіргі таңда тек Алматы қаласы бойынша ғана емес, және де Өскемен, Тұздыбастау деген сияқты қалаларда ашылып қызу дамуда жүріп жатыр.

Академия мен оның серіктестері бүгінгі жастардың бойында спортқа деген махаббатты оятып, қазақ волейболының болашақ жұлдыздарын тәрбиелеп жатыр.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абдиади Адия Мирдосқызы.

Рубрика: Бизнес. Читать весь текст на yersport.kz.

 

Azərbaycan nümayəndə heyəti Özəl Imperial Xəstəxanasını ziyarət ediblər - FOTOLAR Azərbaycan ilə Türkiyə arasında sağlamlıq turizmi sahəsində əməkdaşlığın inkişaf etdirilməsi, əlaqələrin genişləndirilməsi və tibbi turizm imkanların...

Оқушылар қуанышы – нәтиже көрсеткіші: Шемонаихадағы білім ордалары жаңарып жатыр Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында білім беру саласында соңғы жылдары айтарлықтай оң өзгерістер байқалып отыр. Жаңа мектептердің бой көтер...

Қытайлық танымал блогер Тао Минсю Қазақстанның мемлекеттік наградасымен марапатталды Қытай медиакеңістігінде кеңінен танымал блогер, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының амбассадоры Тао Минсю Қазақстан Республикасының мемлекеттік награ...

“VB Team Academy: Қазақстан волейболындағы жаңа деңгей” Қазақстанның спорт әлемінде небәрі бір жылға жетпейтін уақыт ішінде нағыз сенсация жасаған жоба пайда болды. 2025 жылдың мамыр айында іргетасы қаланғ...

Жеңіліс арқылы жеткен жеңіс: Елдос Сметов феномені Елдос Сметов — Қазақстанның ең танымал дзюдошыларының бірі, ел намысын әлемдік арена